343
25 мамырдан бастап банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгереді
25 мамырдан бастап банктер мен ақша айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібі өзгереді
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында банктер, ақша айырбастау пункттері, ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің біріккен бұйрығында субъектілер тізімі бекітілген:
- екінші деңгейлі банктер
- жеке банк операцияларын жүргізетін ұйымдар
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
- сақтандыру брокерлері
- құнды қағаздар нарығында брокерлікпен айналысатын ұйымдар
- микроқаржылық ұйымдар, несие серіктестіктері,
- төлем ұйымдары. Бұйрыққа сәйкес аталған ұйымдар мен филиалдарында қызметкерлер саны 50 пайыздан аспауы керек.
KASE, Құнды қағаздар орталық депозитарий, ақша айырбастау ұйымдары таңғы 09:00 бен 17:00 аралығында жұмыс істейді. Бұл шектеу шаралары 18-24 мамыр аралығында болады.
25 мамырдан бастап жұмыс уақыты, адам саны ұйым басшыларының шешімдеріне қарай ұйымдастырылатын болады. Одан бөлек субъектілердің басшылары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.