214
Вице-министр ел қоймаларында қанша бензин қоры барын айтты
Вице-министр ел қоймаларында қанша бензин қоры барын айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі қоймаларда қанша бензин бар екенін хабарлады.
«Мұнай өнімдерін пайдалану көлемінің төмендеуі аясында жанар-жағармай қалдықтарының артуын байқадық. Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Аи-92 маркалы бензинінің қоры 379 мың тонна құрады. Бұл көлем шамамен 44 күнге жетеді», - деді вице-министр.
Ә.Мағауовтың айтуынша, дизель отыны бойынша 356 мың тонна жиналған. Отынның бұл көлемі 34 күнге жеткілікті.
Осы орайда ол жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданғанын еске салды.