25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады

25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады

25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады
ашық дереккөзі
240
25 мамырдан бастап Алматыда аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысы жанданады. «Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.  Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.  

Серіктес жаңалықтары