Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы Абдулла Абдулла билікті бөлісу туралы келісімге отырған.
Седиккидің хабарлауынша, Абдулла Ұлттық келісім жөніндегі Жоғары Кеңесті басқарады. Оның командасының мүшелері үкіметке кіреді.
2014 жылдан бері Ауғанстан премьер-министрі қызметін атқарған Абдулла өткен жылы күздегі президент сайлауының ресми нәтижесіне келіспей, өзін президент ретінде жариялаған, бірақ халықаралық қауымдастық Ганидің жеңісін мойындаған.
Үкімет құрамын жасақтауға қатысты келіспеушіліктер 10 наурызда тәліптермен бейбіт келісімді бастауға кедергі болды. "Талибан" қозғалысы мен АҚШ бейбіт келісімге биыл ақпан айында қол қойған.
300
Ауғанстан: Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы билікті бөлісу туралы келісімге келді
Ауғанстан: Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы билікті бөлісу туралы келісімге келді
Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы Абдулла Абдулла 17 мамырда билікті бөлісу туралы келісімге отырды.
Бұл туралы президент өкілі Седик Седикки твиттерде жазды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.