Бір тәулікте коронавирустан 74 адам қайтыс болды

Ресей астанасы Мәскеуде бір тәулікте коронавирустан 74 адам қайтыс болды, көз жұмған науқастардың  жалпы саны 1432-ге жетті, – деп жазды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штабы ұсынған ақпарда: «Мәскеуде өткен тәулікте пневмония диагнозы қойылған және коронавирус инфекциясына жасаған тесті оң нәтиже көрсеткен 74 пациент қайтыс болды», – делінген.

Штабтың мәліметінше, бұл – қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш.

Мамандар егер ЖРВИ кез келген белгілері пайда болса, үйде қалып, өздігінен емделудің керек еместігін еске салды. Мұндай жағдайда үйге дәрігер шақыру керек.

Back to top button