Ресейде коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді

Ресейде коронавирусты екінші мәрте жұқтыру дерегі тіркелді. Бурятия тұрғыны індетке қайта шалдығып,  ауруханаға оралды. Емделіп шыққаннан кейін 16 күннен соң науқаста қатерлі вирус тағы анықталып отыр, деп хабарлайды ТАСС

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисі Елена Малинникованың айтуынша, елде індетті екінші рет жұқтыру дерегі коронавирусты анықтайтын тест-жүйелердің әлсіздігінен болуы мүмкін.

«Егер науқастың ағзасында вирус өте аз мөлшерде болса, оны анықтауға тесттің қауқары жетпеуі мүмкін. Науқас бірінші жолы аурудан толық айықпаған болуы мүмкін», – дейді Малинникова.

Инфекционист бұл жағдай жіті тексеріліп жатқанын айтты. Науқасқа  ем-дом дұрыс жасалды ма, қандай тест-жүйелері қолданылды – барлығы анықталмақ.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Ресейде 10 598 адам коронавирус жұқтырған. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 262 843-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін 58 226 науқас емделіп шыққан.

 

Back to top button