20254
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы

12 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, тұман, найзағай, бұршақ болжанады, –деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.
Атырау облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.