Әр балабақшада 15 баладан аспауы тиіс – вице-премьер

Әр балабақшада 15 баладан аспауы тиіс – вице-премьер

Әр балабақшада 15 баладан аспауы тиіс – вице-премьер
ашық дереккөзі
827
Жұмысқа шығатын ата-аналар балаларын балабақшаға апара алады. Алайда карантинге байланысты еліміздегі балабақшаларда бала санына шектеу енгізіледі. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн брифингте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.  «Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласыныда жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», - деді Е. Тоғжанов. Үкімет басшысының орынбасары балабақшалар бала санын шектеуі қажеттігін айтты. «Орта есеппен бір балабақшада 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр балабақшада 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», - деді вице-премьер.  

Серіктес жаңалықтары