328
Қазақстанда Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылады
Қазақстанда Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылады
ҚР Үкіметі Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруы қажет. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«COVID-19 және соған ұқсас вирустар бір реттік құбылыс емес сияқты. Сондықтан бізге практикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге ғылыми көзқарас тұрғысынан да үнемі дайын болу қажет. Үкіметке беделді ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрғаны жөн», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің пайымынша, білімді барынша икемді жасап, балалар мен студенттерді қашықтан оқыту режимінің хаттамалары мен әдістемелерін әзірлеу, еліміздің барлық оқу орындарын шынайы цифрландыруды аяқтау қажет.
«Заманауи қашықтан оқыту технологияларын қарқынды енгізу қажет. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарап шығып, оларды қолжетімді және интерактивті жасау керек. Педагогтердің өзін дайындау жаңа талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.