Атырауда ТЖ кезінде екі сауда үйі мен базар заңсыз жұмыс істеген

Атырауда ТЖ кезінде екі сауда үйі мен базар заңсыз жұмыс істеген

Атырауда ТЖ кезінде екі сауда үйі мен базар заңсыз жұмыс істеген
ашық дереккөзі
320
Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мамандары сауда нысандарына рейд жүргізді. Санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау үшін дүкендер, дәріханалар, сұлулық салондары, алкомаркеттер мен супермаркеттер тексерілді.
Жедел штаб мәліметінше, рейд жұмысы кезінде  жүзге жуық сауда нысаны мен  шағын кәсіпорындар тексеріліп, 30-ға жуық заң бұзушылық анықталған.
«Атап айтқанда,  «Балықшы» базары мен «Дәулет», «Жайық» сауда үйлері  заңсыз жұмыс істеген. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес,  олардың қызметі тоқтатылды», – дейді жедел штаб өкілі Әли Ағжанов.
Сондай-ақ, тексеріс барысында дүкендер, супермаркеттер мен сауда орталықтарының иелері облыстың Бас санитарлық дәрігерінің санитарлық талаптарын сақтамағаны белгілі болды: сатушылар мен сатып алушыларда медициналық маска мен арнайы қолғаптың киілмейтіндігі, сатып алушылар арасындағы қашықтықтың сақталмайтындығы анықталды.
«Сұлулық салондарында шаштараздан бөлек, маникюр және педикюр бөлмелері жұмыс істейді», – деді Әли Ағжанов.
Мұндай рейдтер Атырау қаласында карантин режимінің жалғасуына орай әлі де  жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары