296
Қазақстанда «Отбасы банк» құрылады
Қазақстанда «Отбасы банк» құрылады
Елімізде халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында «Отбасы банк» құрылады. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй жинақ банкі» негізінде тұрғын үйді бөліп беріп отыру, есеп жүргізу жұмыстарын орталықтандыратын толыққанды даму және қолдау институтын - «Отбасы банк» құру керек», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында
Бұл саланы жүйелі түрде өзгерту жұмысы күтіп тұр. Осылайша азаматтар өзінің зейнетақысының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттай алады.
«Мен бұрын мұндай тапсырма бергенмін. Бірақ ТЖ режиміне байланысты бұл жұмысты талқылау созылып кетті. Шешім қабылдайтын уақыт жетті. Үкімет 1 шілдеге дейін өз амал-әдістерін айқындауы керек», - деді Мемлекет басшысы.