Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы әкімдігі Мақтааралға 70 тонна азық-түлік жібереді

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы әкімдігі Мақтааралға 70 тонна азық-түлік жібереді

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы әкімдігі Мақтааралға 70 тонна азық-түлік жібереді
ашық дереккөзі
346
12 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 8 жүк көлігіне тиелген жалпы салмағы 70 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жібермек.  Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастары мен еріктілері қатысады. Бұл қайырымдылық көмекті Алматы өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени бірлестігінің филиалы, Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі, Қазақстан Дүнген қоғамының Алматыдағы филиалы, сондай-ақ «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі және басқа да орталықтар ұйымдастыруда. Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберіп отыр. Осыған дейін   23 млн 325 мың теңге сомасында гуманитарлық көмек көрсетілген болатын.

Серіктес жаңалықтары