Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті

Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, – деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері инфекциялық стационардан емделіп шықты.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест  нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.

Осылайша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті.  Ал қауіпті індетті  жұқтырғандар саны – 240.

Back to top button