Есболат Дүйсенов: Сұм соғыстың сызы санадан өшкен жоқ

Адамзат тарихы он бес мыңнан астам үлкенді-кішілі, әлемдік деңгейдегі қиян-кескі соғысты бастан кешірген. Соның ішінде қамтыған аумағы, зіл-ауыр салмағы жағынан теңдесі жоқ  екінші дүниежүзілік  соғыс. Бұл ұзын-ырғасы 1 418  күн мен түнге созылған алпауыт соғыс болды. Осы шайқас та орта есеппен бір тәулікте  14 104 Кеңес үкіметі кезіндегі адамдарының өмірі қиылғандығын  көз алдымызға елестетудің өзі аса ауыр жағдай.  Қаншама халықтың қарғысына қалған,  соғыс ананы ба­ласынан, ағайынды бауырынан айырып, мыңдаған жауын­герлерімізді жер жастандырды.  Әрбір сағат сайын бес жүзден аса адам опат болғандығын майдангер аталардың әңгімесінен, жазған жазбаларынан естіп, оқып жүрген ұрпақпыз.

Бүгінгі қазақстандық, ке­ше­гі Кеңес Одағының құрам­дас бөлігі жауын­герлері сол со­ғыс­қа қасық қан­дары қалғанша жан аямай қа­тысып, келешек ұр­паққа бүгінгі б­ақыт таңын сый­лаған еді.  Соғысқа  дейін қа­зақ елінде  6,2 млн. адам болса, 1941-1945 жылдары майдан да­­ласына 1,2 млн. жауынгер аттан­ған. Бұл әрбір бесінші қазақ­стан­дық бас­қыншы жаумен алысты деген сөз. Әс­кери комиссариаттар арқылы 700 мың адам еңбек армия­сына жөнел­тіл­ді. Респуб­лика тұрғындарының 24 пайызы немесе әрбір төртінші тұр­ғын май­дан даласына және қор­ға­ныс құрылыстарына ат салыс­ты. Зұл­мат соғыстың зардабы­нан Ота­ны­мызды, қала берді дүние жүзін қор­ғауда қазақстандық­тар­дың үлесі зор болды.

Соның ішінде, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан, кешегі ақмола­лықтардың да жан қияр ерліктері мен еңбектері өлшеусіз. Қан май­дан­ға Ақмола облысынан 63 мыңнан ас­там адам Отан қор­ғауға аттанып, со­лардың 33 950-і қайтып оралмаған­дығы – өзекті өртейтін өкініш. Бүгінгі қазақстандық, ке­ше­гі Кеңес Одағының құрам­дас бөлігі жауын­герлері сол со­ғыс­қа қасық қан­дары қалғанша жан аямай қа­тысып, келешек ұр­паққа бүгінгі б­ақыт таңын сый­лаған еді.  Соғысқа  дейін қа­зақ елінде 6,2 млн. адам болса, 1941-1945 жылдары майдан да­­ласына 1,2 млн. жауынгер аттан­ған. Бұл әрбір бесінші қазақ­стан­дық бас­қыншы жаумен алысты деген сөз. Әс­кери комиссариаттар арқылы 700 мың адам еңбек армия­сына жөнел­тіл­ді. Респуб­лика тұрғындарының 24 пайызы немесе әрбір төртінші тұр­ғын май­дан даласына және қор­ға­ныс құрылыстарына ат салыс­ты. Зұл­мат соғыстың зардабы­нан Ота­ны­мызды, қала берді дүние жүзін қор­ғауда қазақстандық­тар­дың үлесі зор болды.

Соның ішінде, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан, кешегі ақмола­лықтардың да жан қияр ерліктері мен еңбектері өлшеусіз. Қан май­дан­ға Ақмола облысынан 63 мыңнан ас­там адам Отан қор­ғауға аттанып, со­лардың 33 950-і қайтып оралмаған­дығы – өзекті өртейтін өкініш.

Тек Ақмола қаласының өзінен соғысқа 14 723 адам аттанған. Өкінішке қарай,
7 414 жерлесіміз  қайтып орал­ма­ды. Ақмолада 3-атқыштар ди­ви­зия­сы және 106 атты әскери ди­визиясы жасақталып соғысқа аттанған. Осында даярланып, май­данға аттанған атқыштар және атты әскер дивизиялары қан­құйлы шайқаста ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ақмола құра­маларының әскери жолы 1941 жылы Москва түбіндегі қиян кескі шайқастан бастау алып, 1945 жылы мамыр айында Бер­линде аяқталды.

Екінші жаһан соғысы әрбір қазақстандық пен КСРО ха­лықтарының адам төзгісіз азап­қа шыдамдылығын, кеңес жауын­герлерімен офицерлеріне тән беріктік пен ерлікті талап етті. Тыл еңбеккерлері тілмен ай­тып жеткізгісіз ауыр да азапты ең­бекті атқара жүріп, жеңісті жа­қындатуға өз үлестерін қосты. Фа­шистік Германия КСРО-ға  тұт­қиылдан шабуыл жасасымен бар­лық жерлердегі сияқты Ақ­мо­ла өңірінде жаумен шайқаста бүкіл еңбекшілерді жұмылдыру мақ­сатында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұраны кеңінен өріс алды. Ақмола облысынан және солтүстік өңір­лерден шақырылған кілең сай­дың тасындай жауынгерлер со­ғыс тәсілдерінің  алғашқы «әліп­биін» осы Ақмолада меңгерді. Жерлес жауынгерлеріміз Москва түбіндегі қиян кескі шайқасқа қатысып ерен ерліктерімен көзге түсіп, аттарын тарихта қалдырды. Ленинград қаласын қорғауға, Курск дугасында, Украина, Бе­лорус­сия, Молдавия, Балтық жа­ғалауындағы Республикаларды, Ев­ропа халқын фашистерден азат етуге қатысты. Ақмоладан алғашқылардың қатарында ел қорғауға аттанған Никита Мит­че­коға 1942 жылғы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мұндай атаққа соғыстың алғашқы жылдарында жерлес­теріміз Георгий Игишев пен Николай Ястребинскилер де ие болды. Ал жеңісті жолдар жалғаса түскен 1944 жылда бес бір­дей ақмолалық жауынгер  Кеңес Ода­ғының батыры атанды. Олар­дың қатарында Алексей Куница, Виктор Малышев, Юрий Гуров, Дмитрий Степанов, Талғат Бигел­диновтер болғандығын көзі ашық, көкірегі ояу жандар жақсы біледі. Ер жүрек ұшқыш жерле­сіміз Талғат Бигелдиновке бұл атақ 1945 жылы екінші мәрте бе­рілді. Дүние жүзінде Рейхстах­қа ту тігіп соғыстың аяқталғанын паш еткен халық қаһарманы ақ­молалық Рахымжан Қошқарбаев­тың ерен ерлігі ешқашан ұмы­тыл­мақ емес.

Неміс–фашист бас­қын­шы­ларын діңкелете қуа оты­рып, оларды өз ұяларында тал­қандауда ерлік пен батылдықтың қайталанбас үлгілерін көрсеткен Юрий Казаков, Алексей Петров, Александр Рашупкин, Сағадат Нұ­рмағамбетов, Әлмұхан Сем­бинов, Николай Зверев, Михайл Сальников, Федосий Ганустер – Кеңес Одағының Батыры атағы­на ие болған даңқты жерлестері­міз. 1941-1945 жылдары Ақмола қа­ла­сынан 11165 тыл еңбеккері «За доблестный труд в Великой Оте­­чественной войне 1941-1945гг.» медалімен марапатталды. Ер­­лік жалынды жүректе, көкі­рек­те мәңгілікке сақталып қалады екен­. Мен өз басым осы қаһар­ман­­дарымыздың есімін үнемі үлгі етіп айтудан жалыққан емес­пін.  Ақмолалықтар үшін әрбір жауынгер, офицер, біздің туған то­пырағымызда өсіп-өнген жер­лестеріміз – бізге өте қымбат. Бү­гінгі күні өкінішке қарай қазір­гі Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жат­қан соғыс ардагерлері жыл­дан жылға азайып барады. Бүгінгі күні қалада 52 соғыс ардагері тұ­рып жатыр. Оның ішінде со­ғыс­тың алдыңғы күнд­ерінен бастап қатысып, ерлік көрсеткен, елді қорғаған Нұрмахан Алпыс­бе­ков, Нұршида Ахметова, Алек­сандр Бабичев, Байкен Айдархан, Рзағұл Байкешов, Ахат Бекмади, Раиса Максименко, Сиқымбай Мамыров, Абдурахман Сафаров, Александр Торкин және бас­қала­ры бар.

Кейінгі ұрпаққа  жал­ғас­қан, жаныңды тұз құй­ған­дай ашытатын қайғысы мен қа­сіреті жазылмас жара қалдыр­ған қан майдан болды бұл. Бұл 27 млн өмірді үзіп кеткен сұм соғыс. Осы бір ауыз сөздің астарында қан­шама тағдыр, жоғалған ден­саулық, аналар мен әйелдердің көз жасы, жалғыздықтың тақ­сі­реті жатыр. Бәрін тегіс толықтай тауысып, сарқып айта алмай жатқанымыз ақиқат. Тіпті 75 жыл өтсе де қан майданның бізге ха­барсыз кеткен қазақ жауын­герлерінің есімін күні бү­гінге дейін жаңғыртып жатқан­дығы болса, ол – тарих.  Әрбір адам жай­лы айтылған естелік – жеке адам­ның ғана ғұмырбаяны емес, ха­лықтың тағдыры.

Жеңіс мерекесі ешқашан  немқұрайлылықпен өт­кі­зілетін мереке емес, бұл шын мә­нінде ерлік дәстүріне қалтқы­сыз қызмет көрсетуді талап ете­тін, кейінгіге үлгі-мысал ретіндегі, қыршынынан қиылған отандас­тарымызды еске алатын айтулы шара. Қазіргі елдегі қиын жағ­дай­ға байланысты салтанатты Жеңіс мерекесі қаламыздың орталық алаңында өкінішке қарай, аталып өтілмейтіндігін ел жақсы біледі. Бірақ Жеңіс күнін бізге сыйла­ған, жақындатқандардың есім­дері мен ерен ерліктері ешқашан кө­лең­кеде қалған емес, қалмайды да.

Біз Ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен, Жеңіс­тің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола өңі­рінен шыққан  Кеңес Одағы Батырлары мен қазіргі көзі тірі  44 Ұлы Отан соғысы майдан­гер­лерінің, арамызда жүрген  тыл ардагерлері жайлы жазылған үлкен  еңбек дайындадық. «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» деп аталатын көлемді еңбек бү­гін­гі ұрпаққа патриоттық рух беретін, еңбек ерлігіне бастайтын, ұла­ғатты тәрбие беретін кітап болады деген ойдамыз.

Ұлы Отан соғысына қа­ты­су­шылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін жазыл­ған бұл  кітап – Нұр-Сұлтан қала­лық әкімдігі мен қалалық арда­герлер кеңесінің жастарға ой тастар, қолда барды қадірлей білу мен зұлымдық пен жауыздықты жеңудің жолдары мен бейбіт өмірді сақтап қалған біздің қаһарман жауынгерлеріміздің ерен ерлігін бүгінгі ұрпаққа паш ететін естелік. Кеше ғана қалалық әкімдікте жаңа кітаптің тұсау­кесері болып өтті. Отан алдында жан аямай ерлік көрсеткен жер­лес жауынгерлерімізге  басы­мызды жерге жеткенше иеміз!

 

Жазып алған Әсел Жақсыбай

Back to top button