Нұротандықтар зейнеткердің үйінің шатырын жөндеп берді

Қостанай облысы Әулиекөл ауылының тұрғыны К.Мұқышева биылғы жылдың 7 сәуірінде болған дауылды жел салдарынан ас үйі мен көлікжайының шатыры ұшып кетуіне байланысты Nur Otan партиясынан көмек сұрап келді.

Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы облыстық депутаттық Фракциясының мүшесі А.Жансүгірова өтініш берушіге көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында құрылыс материалдары сатып алынып, шатырды жөндеуге жұмысшылар бөлінді. Нәтижесінде өтініш беруші өзіне көрсетілген көмекке алғысын білдірді.

Back to top button