COVID-19: Әлемде 3,7 миллионнан аса адам індет жұқтырды

COVID-19: Әлемде 3,7 миллионнан аса адам індет жұқтырды

COVID-19: Әлемде 3,7 миллионнан аса адам індет жұқтырды
ашық дереккөзі
312
Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3,7 миллионнан асып жығылды. Індеттен 257 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл деректерді Worldometers.info жариялады.  Кесірлі кеселдің таралуы басталғаннан бері дүние жүзінде 3,722,692 адам вирус жұқтырған. 6 сәуірде таңертең тағы 79,4 мың адамда инфекция анықталды. Коронавирустан айыққандар саны да артып келеді. Бүгінде аурудан емделіп шыққандардың саны 1,2 миллионнан асты. Вирустан көз жұмғандар саны жөнінен Америка Құрама Штаттары әлі де алдыңғы орында. Соңғы тәулікте мұнда 2 мыңнан астам адам көз жұмған. Елде індет құрбандарының жалпы саны 72 мыңнан асып жығылды. Еуропада  өлім-жітімі дерегі бойынша Ұлыбритания бірінші орынға шықты. Бұл елде 29,4 мыңнан астам адам инфекциядан қайтыс болған. Айта кетейік, Қазақстанда 4205 адам коронавирус жұқтырды. 1279 адам індеттен айықты. Ал дерті асқынған 29 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары