«Nur Otan» партиясы мұқтаж отбасына төрт бөлмелі үйдің кілтін табыстады

«Nur Otan» партиясына Шардара ауылының тұрғыны баспана мәселесін шешуге көмектесуін сұрап жүгінген болатын.

Отағасы – Ерсұлтан Айхожаев үшінші топ мүгедегі, әйелі үй шаруасымен айналысады, екі бала тәрбелеп отырған отбасы. Табыс көзі – мемлекеттен алатын жәрдемақы мен жалдамалы жұмыстан түсетін нәпақа, ол жалға алатын пәтердің ақысын төлеу мен аса керекті тұрмыстық заттарды сатып алуға әрең жетеді.

i

Партияның Шардара аймақтық филиалы бұл мәселені шешуге меценаттарды жұмылдырған болатын. «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобалардың шеңберінде Айтхожаевтар отбасына төрт бөлмелі баспана сыйға берілді.

Жаңа үйдің кілтін Партияның Шардара аймақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы табыстады.

Сонымен қатар, «Biz Birgemiz» акциясы аясында азық-түлік өнімдері берілді.

Back to top button