308
Ким Чен Ын қайтып келді
Ким Чен Ын қайтып келді
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты.
Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі KCNA билеушісі Ким Чен Ынның Оңтүстік Пхенганда орналасқан Сунхчон қаласында тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлаған. Салтанатты рәсімге Ким Чен Ынға оның қарындасы Ким Ёо Жон еріп барған.
Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген. Сол күннен бастап әлем жұртының назарынан ұшты-күйлі жоғалған Ким Чен Ын туралы екіұшты ой әлі де желдей есіп тұр. Бір жақ «өлді немесе хәл үстінде жатыр» десе, екінші жақ «ол дін аман» дейді.
Ал АҚШ Солтүстік Корея басшысына тиесілі пойыздың жерсеріктен түсірілген фотосын жариялады.