194
Судан зардап шеккен түркістандықтарға Үкіметтен көмек көрсетіледі – Премьер-Министр
Судан зардап шеккен түркістандықтарға Үкіметтен көмек көрсетіледі – Премьер-Министр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен тұрғындарына Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.
«Арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар. Комиссия Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуиси, Өрге бас, Достық ауылдарына келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмысты жүргізеді. Одан кейін инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым, үйлер қалпына келтіріледі. Зардап шеккен тұрғындарға Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деді Асқар Мамин.