186
Су тасқыны: Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде – Мемлекет басшысы
Су тасқыны: Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде – Мемлекет басшысы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында 10 ауыл су астында қалғанын жазды.
«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», – деп жазды Мемлекет басшысы.