АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1,1 млн адамнан асты

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1,1 млн адамнан асты

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1,1 млн адамнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны  3 400 090 адамға жетті. 1 080 156 адам емделіп шықса,  дерті асқынған 239 566 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Worldometers.info. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ көшбасшылығын сақтап тұр. Бұл елде 1 131 030 адамнан қатерлі вирус анықталған. 161 563 індеттен айықса, 65 753 науқас көз жұмды. Екінші орында – Испания. Онда 242 988 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы 24 824 науқас мерт болған. 142 450 адам емделіп шықты. Италияда 207 428 адамнан вирус жұқтырған. Жазылғандар саны – 78 249, ал індет құрбандарының саны –  28 236. Францияда 167 346 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 50 212 адам жазылып шықса, 24 594 адам мерт болған. Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 164 077 адамға жеткен, 6736 адам көз жұмған. 126 900 науқас жазылып шыққан. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 3671 адамнан коронавирус анықталды.  922 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 25 адам көз жұмды.