Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар

Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар

Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін – Бас санитар
ашық дереккөзі
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.  Онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында бас санитар: «Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3 400-ге жуық оқиға тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұтырудың 5 300-ге тарта оқиғасы тіркелуі мүмкін», – деді. Осы орайда ол бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Еске сала кетейік, бір апта бұрын мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екені айтылған еді.