459
Қазақстан мұнай өндіру бойынша алдыңғы 15 елдің қатарында
Қазақстан мұнай өндіру бойынша алдыңғы 15 елдің қатарында
Осыдан тура 24 жыл бұрын, яғни 1996 жылдың 27 сәуірінде Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері Каспий туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған еді. Бұл мәлімдеме Каспийдің мұнай-газ ресурстарын барлау мен игеру жолында екі елдің алдағы уақытта осы салада ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дайын екендігін білдірген-ді. Технологиялық жағынан ілгері шыға алмаған сол кезеңдегі жағдай бәрімізге де мәлім. Тұңғыш Президенттің сындарлы саясатының арқасында Қазақстан аз уақыт ішінде алпауыт елдерден кем қалмай, қайта үзеңгілесе отыра ірі мұнай державасына айналып үлгерді. Сол қиын кезеңдердің өзінде отандық және шетелдік мамандардың болжамдық бағалау деректері көп нәрсені аңғартқандай еді. Яғни, мұнай қорларының еселей артуы – тек Каспий теңізі айдынының өзінен ғана ғаламат ірі кен орындарының ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған болатын.
Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап бірден стратегиялық жоспарлауға көшті. Мемлекет экономикалық серіктестіктің мүмкіндіктерін белсенді қарастыруының нәтижесінде, батыс елдерінің ірі компанияларын бірлесе қызмет атқаруға тарта білді. Уақыт өте келе Қазақстанға Chevrolet, LG, Samsung, Bosch, Panasonic сияқты әйгілі корпорациялар табан тіреді.
Осыдан-ақ, Елбасының Ресей-Қазақстан және өзге де мемлекеттермен стратегиялық серіктестігін орнатуға және тереңдетуге қосқан үлесін аңғару қиын емес. Тіпті Eлбасы – ТМД-дағы басты біріктіру үрдістерінің көшбасшысы десек те артық айтқандық болмас.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның барлық Каспий маңы елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыстар атқарып отырғандығы да сөзімізге айқын дәлел. Елбасы Каспий бойынша қол жеткізген келісімнің арқасында әлемдегі ең ірі – «Қашаған» теңіз мұнай кен орынын игеруге мүмкіндік алды.
Каспий теңізінен өндірілетін көмірсутек қорлары Қазақстанға мұнай өндіру бойынша алдыңғы қатарлы 15 елдің қатарына енуге мүмкіндік берді. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі революцияға дейінгі де өзіндік тарихы бар ежелгі сала, ол тарих уақыт көшінен ешқашан қалмақ емес.
Әсел Жақсыбай