23 Сәуір, 15:41 367 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

UFC: Ең көп табыс тапқан спортшылар анықталды

Екі дивизионнің экс-чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор UFC тарихындағы ең көп ақша төленетін файтерлердің тізімінде топ бастады, деп хабарлады Prosports.kz.

МакГрегор америкалық промоушн аясындағы жекпе-жектерінен 12 млн доллар табыс тапты. Екінші орында 7 млн доллары бар Алистар Оверим тұр. Миллионерлер үштігін ресейлік Хабиб Нурмагомедов қорытындылады. Оның да табысы 7 млн долларды құрайды.

Айта кетейік, UFC ұйымының үздіктері рейтингінде бірінші орынға көтерілген америкалық Джон Джонс 7-ші орынға тұрақтаған.

Forbes деректері бойынша, Конор МакГрегор 2019 жылы 45 млн доллар тапқан.

Соңғы жаңалықтар