ШҚО-да белгісіз індеттен 200 бас ірі қара қырылып қалды

ШҚО-да белгісіз індеттен 200 бас ірі қара қырылып қалды

ШҚО-да белгісіз індеттен 200 бас ірі қара қырылып қалды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр. Сиырлардың арасында аурудың тарағанына екі аптадан аса уақыт өтсе де, бәсеңдейтін түрі жоқ, деп хабарлайды  КТК арнасы. Малмен жан бағып отырған ауыл тұрғындарының кейбірінің қорасы қаңырап бос қалған. Жұрттың айтуынша, белгісіз індет өршуінің алдын алу үшін ауылды карантинға жабу керек. Өйткені өлген сиырдың саны 200 басқа жетіпті. Бірақ тұрғындар жергілікті биліктің бұл мәселеге келгенде асықпай отырғанын айтып, қынжылды. Ал ветеринарлар тұрғындарға малды сатуға, союға тыйым салған. Дегенмен олардың өзі малдың неден арам қатып жатқанын дөп басып айта алмай отыр. Қазір мамандар арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын жеткізді. Өлген ірі қарадан сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Ал оның қорытындысы осы айдың соңында ғана белгілі болады. Сондықтан тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі әзірге белгісіз. "Бүгінде ешқандай өтемақы береді деп айта алмаймыз. Өйткені мемлекеттен ауруға байланысты төленетіні және төленбейтіні бар. Қай ауруға жататынын білмей тұрмыз", – дейді "ҮРЖАР-ВЕТ" ММК директоры Әсет Абайбеков.