Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

Сондай-ақ!

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. –...

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық шығарғаннан кейін алды. Бұл туралы  Қазақстан Президентінің телерадиокешені дайындаған «Назарбаев факторы» атты...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл мақсатқа неге дәрістер таңдалды? Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеялары неге батысты дүрліктірді? Н.Назарбаевты...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді. Ал аурудың асқынуы, нақтырақ айтқанда Цитокин дауылы 9-10-күні басталады. Бұл туралы lb.ua-ға...

Бір сәтте әлем өзгерді. Сырттағы өмірге тек өз үйіңнің терезесінен телміре қарауға мәжбүр еткен Covid19 ғаламдану үрдісінің қарқынына кенеттен тежеу қойды.

Ақпараттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, т.с.с. мәселелері мен мүдделері ұқсас біртұтас елге айналған әлем ақпараттық технологияларға тәуелді бола түсті. Осыдан аз ғана уақыт бұрын төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне уақыт пен көлік таңдамай жылдам жете алған адамзат, бүгінде көршінің үйіне бас сұға алмайды. Көңілдегі күдік сейілер кез жақын. Десек те әлем тыныштыққа оранған сәтте интернет пен ақпараттық технологияның қуатын мойындауға тура келді. Шынайы өмірден ауылы алшақтау виртуалды әлемге бәріміз жаппай жол тарттық.

Қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтыған бұл ахуал әсіресе білім беру жүйесіне ерекше әсерін тигізді. Барлық білім беру орындары қашықтан оқытуға жаппай көшуге мәжбүр болды. Тарихқа көз жүгіртсек, 2011 жылғы желтоқсанда Массачусетс технологиялық институты (АҚШ) тегін онлайн-оқыту жобасын алғаш болып бастаған, 2012 жылғы қаңтарда Стэнфорд университеті педагогтарға арналған Udacity – компаниясының тегін курстарын ашты. Ал, 2012 жылғы мамырда Гарвард Массачусетс технологиялық институтының жобасына қосылды.

Осы үрдіс туралы білім беру жөніндегі әлемдік сарапшылар академиялық ортаға «Бүгінде тегін онлайн курстардың жаппай ашылуы оқу орындарындағы студенттер санының қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін және кез келген адамға тегін білім алуға мүмкіндік бар. Сондықтан жылдық оқу ақысы 20 000-60 000 АҚШ доллары көлеміндегі жоғары оқу орындары  болашағы үшін алаңдамайды ма?», – деген сауал қойған еді.

Америкалық білім беру саласын қамтамасыз ету мақсатында құрылған  жаңа қордың директоры Кевин Кери «Білім беру саласында дүрлігу басталды. Оның негізі бар ма, әлде жоқ па, әзірше белгісіз», – деген пікір білдірген.

Ал, білім саласындағы шынайы дүрлігу Covid19 салдарынан енді басталған секілді. Zakon.kz-те жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2019/2020 оқу жылында Қазақстанда 129, соның ішінде мемлекеттік – 41, жеке меншік – 84 және шетелдік меншік формасында – 4 жоғары оқу орыны бар екен. Еліміздегі жоғары оқу орындарында оқитын 604 345 студент қашықтан білім алуға көшті. Бұл орайда, студенттерге интернет желісінің көмегімен қарқынды дамып келе жатқан онлайн форматта әрі қашықтан білім беруге бейімделуіне назар аудару өзекті мәселеге айналды.

Еліміздің әр түкпірінде отбасы ошақ қасынан білім алып жатқан студенттердің осы қашықтан оқуға бейімделуі қандай деңгейде екенін білу мақсатында онлайн сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 167 студент қатысты. «Қашықтан оқыту студенттердің білім алу деңгейіне ықпал етті деп ойлайсыз ба?» деген алғашқы сауалға студенттердің 57,6% – иә деп жауап берсе, 20% – жоқ, ал 21,3 пайызы «еш өзгерген жоқ» деп жауап берген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

«Қазіргі қоғамдағы төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқытуда студент үшін ең күрделі мәселе не деп ойлайсыз?» деген сауалға студенттердің 50% – шалғай ауылдарда интернеттің болмауы десе, 13,9% – төтенше жағдайға байланысты кітапханаға бару мүмкіндігінің жоқтығын, 16,7% – үй тапсырмасын орындауға берілетін талаптың жоғарылығын және 5,4 пайызы «үй тапсырмасын орындауға уақыттың тығыздығы» деп көрсеткен.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

«Қашықтан оқытуда студенттерге белгілі бір жеңілдіктер жасалуы керек деп ойлайсыз ба?» деген сауалға 85,5 пайызы «иә» деп жауап берген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

«Қашықтан оқытуға көшу барысында оқу орындары студенттердің білім алу платформаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету керек деп ойлайсыз ба?» деген сауалға 85,5% – иә, 6,6% – жоқ, 9,6 пайызы «білмеймін» деп жауап берген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқытуға көшу барысында студенттердің білім алу деңгейін 13,3% – жақсарды,  29,1% – төмендеді,  ал 54,5 пайызы «өзгерген жоқ» деп көрсеткен. Кейбір студенттер білім алу кез келген студенттің өзіне байланысты деген пікір білдірген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

Қашықтан оқыту студенттердің өз бетімен білім алуға деген қызығушылығын арттырады деген пікірмен 47 пайызы келіссе, 38% – жоқ, мүмкіндік аз, ал 15% – білмеймін деп жауап берген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

«Егер болашақта білім алуды ары қарай қашықтан оқумен жалғастыру мүмкіндігі болса қайсысын таңдар едіңіз?» деген сауалға жауап берген студенттердің 68,7% – университет қабырғасында оқуды қаласа, 23,5% – мүмкіндігіне қарай жартылай қашықтан оқуға көшуді таңдайтынын айтқан.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

Студенттердің 72,3 пайызы қашықтан оқыту барысында оқытушылардың оқу әдістемелері, білім беру сапасы көңілімнен шығады десе, 13,3% – жоқ, 14,5% – білмеймін деп жауап берген.

Қашықтан оқыту: ақиқат пен аңыз

Сонымен қашықтан оқыту туралы аңыз бен ақиқатқа студенттердің өз пікірі арқылы жауап іздеп көрдік. Осы шағын сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қашықтан оқуды жақсартуда ең бастысы шалғай елдімекендерде интернет байланысын жақсарту қажет екені айқын болды.

Сонымен қатар, қашықтан оқыту студенттердің білім деңгейіне айтарлықтай ықпал етпегені және оған тез бейімделгенін аңғардық. Студенттерді мазалайтын сауалдың бірі ретінде оқу орындары тарапынан нақты бір ресурстардың тұрақты түрде ұсынылуы керек екенін аталды. Оқыту сапасына қатысты қашықтан білім беріп жүрген оқытушылардың оқыту тәсілдері туралы олардың басым көпшілігі көңілдерінен шығады (72,3%) деп жауап қатқан. Десек те, болашақта оқуды қашықтан жалғастыру немесе университет қабырғасында оқу арасында таңдау болса, олар негізінен университетте оқуды (68,7%) қолайлы деп санайды.

Қашықтан оқыту немесе онлайн оқудың басты ерекшелігі – білім алушылардың уақыт үнемдеуіне мүмкіндігі зор. Қазіргі кезде кез келген елдегі қарапайым адамның әлемдік деңгейдегі университетте оқысам деген арманы осы онлайн бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Мысалы Coursera  секілді онлайн білім беруге арналған сапалы платформалар арқылы әлемдік масштабтағы танымал университеттің атақты профессорының дәрісін тыңдауға мүмкіндік зор. Тағы бір басты ерекшелігі – білім беру платформасы дәстүрлі университеттерге қарағанда оқу бағдарламаларын таңдауда көп еркіндік береді.

«The New York Times» жүргізген сауалнаманың нәтижесін зерттеген сарапшылардың көпшілігі ірі жоғары оқу орындарында тегін онлайн білім беру платформасын кеңінен енгізу болашақта шағын оқу орындары мен колледждердің жабылуына әкеліп соғады деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары америкалық танымал оқу орындарының әлемге кеңінен таралуы Ресейдің өңірлік институттарына да айтарлықтай ықпал етуі мүмкін деп есептейді.

«Жоғары білім беру инновациямен тығыз байланысты дамуда және оның бағасы өте қымбат әрі белгілі бір адамдар тобына ғана қолжетімді. Сондықтан «Coursera» әлемнің ең үздік университеттерімен әріптестік байланыс нәтижесінде ең танымал оқытушылар мен ең үздік курстарды оқуға мүмкіндік берді. Бұл жоба тұлғаның дербес қалыптасуы мен дамуы үшін үлкен мүмкіндік», – деп баға берді «Coursera» директорлар кеңесінің мүшесі, TGDaily.com. баспасының басшысы Джон Дорр (John Doerr).

Кезінде профессор Дафна Коллер: «Біз болашақтан әлемге танымал университеттерде әдеттегі мыңдаған студенттерінің орнына миллиондаған адамға білім беріп, олардың арманының орындалуына қол жеткізуін күтеміз», – деп атап көрсеткен еді.

Бүгінде бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID 19 білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі ерекше екенін тағы бір еске салды. Сондықтан, қазіргі студент болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалу үшін өзін тұрақты түрде жетілдіруі керек. Төтенше жағдайға қарамастан, үйде отырып-ақ халықаралық білім алуға тамаша мүмкіндік бар екенін есте ұстаған жөн.

Мәселен жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Coursera платформасымен әріптестік келісімшартқа отырды. Бұл дегеніміз ҚазҰУ студенттерінде Coursera платформасы арқылы әлемдік рейтингісі жоғары университеттер ұсынып отырған курстарға ақысыз қолжеткізу мүмкіндігі бар.

Әртүрлі онлайн платформаларда әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері тәжірибелі білім мен біліктілікті үйретеді және өз әлеуетін дамытуға жаңа бағыт береді.

Coursera-ның негізін қалаушылардың бірі  профессор Эндрю Ын (Andrew Ng) «Мен әрбір адамның үлкен білімге тегін қол жеткізе алатын қоғамында өмір сүргім келеді», – дейді.

Сондықтан, бәлкім бүгін біз үшін күрделі мәселе болып отырған қашықтан оқуға бейімделудің нәтижесі болашақта білім сапасын жетілдіруге жасалған сәтті қадамдардың бастамасы болуы мүмкін.

Сондай-ақ, профессор Эндрю Ынның ұстанған қағидасының бірі: «Егер әр адамның өмірде жеткен жетістігі оның ата-анасының байлығымен емес, өзінің қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің жемісімен анықталса, бұл ешқандай елес емес. Менің ойымша бұл өте қызықты әлем және бұл әркімнің өз өмірін өзгертудің басты құралы». Осы тұрғыдан алғанда бүгін уақыт талабынан қашықтан оқуға мәжбүр болған студенттердің болашақта барлығына бірдей тегін білім алуға мүмкіндік беретін ғаламдық университеттерде немесе онлайн білім беру платформаларында білімін шыңдайтын уақыт алыс емес.

 

Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті деканының орынбасары, ф.ғ.к., доцент

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен,...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді....

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық...

Елбасының Нью-Йорктегі лекциясы: Қазақстан АҚШ элитасының назарын қалай жаулады?

Елбасы өзінің көптеген ең ірі жаһандық бастамаларын шетелдік беделді ЖОО-лардағы лекциясы кезінде жариялаған екен. Бұл...

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...