Aтырау облысындағы «Теңіз» кен орнының территориясында «КамАЗ» көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді. Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды. «КамАЗ» көлігі «ЕМГ СтройСервис-Атырау» ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Жүктелуде...