307
Франция ғалымдары коронавирусты жоя алатын температураны анықтады
Франция ғалымдары коронавирусты жоя алатын температураны анықтады
Франциядағы Экс-Марсель университетінің ғалымдары коронавирустың күшін жоятын температураны атады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша, вирус 90 градуста 15 минут ішінде өледі.
Ғалымдар жасаған тәжірибе барысында коронавирус штаммы стерильденген және биоматериалы бар түтікке орналастырылған. Екі сынама бір сағат ішінде 60 градусқа дейін қыздырылған. Тәжірибеден кейін 60 градуста қыздарса да, залалсыздандырылмаған түтіктегі вирустың көбейе алатындығы белгілі болған. Тек түтікті 15 минут 92 градусқа дейін қыздырғаннан кейін ғана вирус толығымен жойылған.
Зертханалардың басым бөлігінде дезинфекция материалдарды небәрі 60 градуста бір сағат қыздыру арқылы жүзеге асады. Зерттеушілер вирус мөлшері жоғары үлгілер үшін мұның жеткіліксіз болуы мүмкін екенін алға тартады. Мамандар бұл зерттеу нәтижелері коронавирусты жоюдың ең қолайлы әдісін таңдауға көмектеседі деген үмітте.
Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық зерттеушілер CoViD-19 инфекциясын суық тиюден айыратын басты белгіні анықтаған.
Ал Қытай ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде науқастардың коронавирусты қанша қашықтыққа тарата алатыны белгілі болды.
Бұдан бөлек, жапон ғалымдары нельфинавир антиретровирустық препараты SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын тоқтата алатынын дәлелдеді.