Қытай ғалымдары науқастың коронавирусты қанша қашықтыққа тарататынын анықтады

Қытай ғалымдары науқастың коронавирусты қанша қашықтыққа тарататынын анықтады

Қытай ғалымдары науқастың коронавирусты қанша қашықтыққа тарататынын анықтады
ашық дереккөзі
Қытай ғалымдары науқастар COVID-19 инфекциясын 4 метр қашықтыққа дейін тарата алатынын анықтады, деп хабарлайды  The Daily Mail. Зерттеушілер вирустың аэрозольді таралуын зерттеген. Коронавирустың ауа құрамында және заттардың бетінде сақталуын бақылау үшін ғалымдар Уханьдағы Хуошеншань ауруханасының коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін бөлімі мен жедел жәрдем бөлімінде тәжірибе жүргізген. Зерттеу нәтижесінде коронавирустың көптеген аэрозольді бөлшектері аурухана еденіне жинақталатыны анықталған. Сондай-ақ, кереуеттердің үсті, есік тұтқалары, қоқыс жәшіктері және медицина қызметкерлерінің аяқ киімінің табанында көп мөлшерде жиналатыны белгілі болды. Десе де, Хуошеншань ауруханасы қызметкерлерінің бірде-біреуі індет жұқтырмаған. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтаудың тиімділігін айғақтайды  дейді зерттеушілер. Бұған дейін ғалымдар коронавирус 1,5 метр қашықтықтан жұғады десе, жаңа зерттеу қауіпті вирустың әлдеқайда ұзақ қашықтыққа тарайтынын көрсетті. Алайда зерттелген аэрозольді бөлшектердің індет жұқтыратыны әлі дәлелденген жоқ. Сондай-ақ, Қытай ғалымдарының зерттеуі коронавирус жұқтырғандарды үйде оқшаулаудың тиімсіздігін көрсетіп отыр. Өйткені бөлме ішінде вирус бөлшектерінің көптеп жинақталуы және тұрғындарға жеке қорғаныс құралдарының қолжетімсіздігі жабық ғимараттарда індет жұқтыру деректерінің көбеюіне алып келеді дейді зерттеушілер. Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1,7 млн адамнан асып жығылды. Ал елімізде 911 адам індет жұқтырды. 99 адам дертінен айықса, 10 науқас көз жұмды.