Алексей Лодочников: Сын сағатта мемлекетіміз түгел халықтың жағдайын назарда ұстап отыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын жандарға 50 мың теңгеден көмек берілуде. Қайырымды жандардың есебінен жиналған бұл қаржылық көмекке жалпы саны 152 мың қазақстандық қол жеткізген.

 Алексей Лодочников: «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «Шапағат» мемлекеттік сыйлығының иегері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті: 

– Осы бір қиын сәттерде мен де Nur Otan партиясы ұсынып отырған қаржылай көмекке ие болғаныма қуаныштымын. Өзім де осы партияның мүшесімін. Мүшелікке енген күннен бастап, партияның ел мен билік арасындағы беделі мен атқарып жатқан шаруалары да маған жақсы таныс. Бірақ мен осындай уақыттағы қолдауына ие боламын деп ойламап едім. Атаулы көмекті алғанымда қуанышты болдым. Елу мың теңге мен сияқты студенттерге үлкен көмек деп білемін. Осы орайда, Елбасына, Президентімізге, жергілікті партия қызметкерлері мен халық қалаулыларына алғыс білдіремін. Мұндай жәрдемақылар әрбір жанды ынталандырып, қиындықтардың тек уақытша ғана екендігін айғақтайтындай. Еліміз аман болып, осы бір қиын кезеңдерден де сүрінбей өтетініне сенімдімін. Себебі, мемлекетіміз кімді болса да тыс қалдырмай, сыйақы, үстемақы, жәрдемақы тағысын-тағы көмектерін қолдан келгенше жасап, бастысы халықтың жағдайын қиындатып жібермей, тұрақты ұстап отыр. Бұл сынақ  жалғыз біздің елде емес, әлемнің барлық елдерінде болып жатқан жағдай. Тек бірлік пен түсіністік, қолдау бар жерде барлық қиындықтарды жеңіп шығуға болады деп білемін.

 

Дайындаған Әсел Жақсыбай

Back to top button