Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 300-ден астам адаммен байланыста болған

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 300-ден астам адаммен байланыста болған

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 300-ден астам адаммен байланыста болған
ашық дереккөзі
314
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлермен байланыста болған 316 адам оқшауланды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеді.  «Біз жақын байланыста болған 316 адамды оқшауладық. Мұның Алматыдағы ең үлкен клиника екенін ескеру керек. Мұнда 1000-нан аса қызметкер бар. 316 адам оқшауланып, бақылауға алынды», - деді Айзат Молдақасымова брифинг барысында. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 27 медицина қызметкерінен коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз.    

Серіктес жаңалықтары