349
Алматыда екі күнде 27 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды
Алматыда екі күнде 27 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды
Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар. Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.