Карантинге қарамастан бірқатар кәсіпорын қайта жұмысына кіріседі

Карантинге қарамастан бірқатар кәсіпорын қайта жұмысына кіріседі

Карантинге қарамастан бірқатар кәсіпорын қайта жұмысына кіріседі
ашық дереккөзі
294
Президенттің шешімімен карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылғаны мәлім. Осыған орай, ертең төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтпек. Жиында жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады. Мұны Нұр-Сұлтан қаласы штабының өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.  Атап өтейік, кей өндіріс орны біртіндеп жұмысын бастайды. Мұндай нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талапты қатаң сақтауы тиіс. Ал қажет болмаған жағдайда, тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынады. Тек тұрғылықты жерге жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық қызмет алуға, жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат. Автобустар да әзірге қатынамайды. Адам көп жиналатын орындар, кинотеатр, сауда ойын-сауық орталықтары, клуб, мейрамхана, дәмханалар жабық күйінде қала береді. Штаб өкілдері тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары