514
Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына қонды
Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына қонды
Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы келіп қонды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Украинадан шыққан ең үлкен жүк ұшағы Алматы әуежайына жанармай құюға тоқтады. Борт Қытайдың Тяньцзинь әуежайына COVID-19 қарсы күрес құралдары мен медициналық құрал-жабдық алу үшін аттанған.
Тяньцзиньнен Алматыға транзит арқылы Польшаға ұшады. «Әлемдегі ең ірі жүк көлігі Қытайдан 7 млн Р2 маскасы мен жүз мыңдаған қорғаныс костюмдерін жеткізбек. Жеткізу операциясын KGHM Polska Miedź және Grupa Lotos польшалық компаниялары ұйымдастырып отыр»,- деді әуежайдан.
Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған. Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу-ақ. Украина көлік стратегиясы орталығы хабарлағандай, бұл - алып ұшақтың 2018 жылғы күзден бергі бірінші сапары.
Польшалық БАҚ хабарлауынша, әлемдегі ең ірі жүк көлігі Варшаваға 14 сәуір таңғы 09.30-да жетеді.