333
Берік Оcпанов: Ұлттық қор қиын жағдайда үлкен көмек болары сөзсіз
Берік Оcпанов: Ұлттық қор қиын жағдайда үлкен көмек болары сөзсіз
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан елдің жарқын болашағы үшін еңбек етіп келеді. Қазіргі қиын кезеңде жариялаған мақала да соның тікелей дәлелі. Елбасы айтқандай, қазақ халқы бұдан да қиын кезеңдерді басынан өткізген, бірақ қандай қиындықтар болса да халқымыз еш жеңілмеген. Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жылға жуық уақыт болды, қазіргі Қазақстанымыз Елбасының тікелей басшылығымен мықты мемлекетке айналып, кез келген жағдайға және қиындықтарға төтеп бере алатын ел ретінде нығайды.
Соңғы жылдары іске асырылған бағдарламалар және жобалар ел экономикасының тұрақты дамуын толық қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік жылдары құрылған Ұлттық қор осындай жағдайда үлкен көмегін көрсететіні де даусыз. Мемлекет әр азаматтың жағдайын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Алған міндеттерін орындап келеді. Қиындықтарға қарамастан, әр саланың дамуына, тұралап қалмауына қосымша қаражат бөлініп отыр.
Мысалы, ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету үшін өткен аптадағы қосымша бөлінген миллиардтаған қаражат және көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған жанармай және басқа да қолдау шаралары биылғы өндірістің қажетті сұраныстарын қанағаттандырады деп ойлаймын.
Коронавируске қарсы жұмыс жоғары деңгейде іске асырылып келеді. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады.
Мақалада Елбасы айтқандай, Үкімет жұмысы да жаңа форматқа өзгертіліп, халықпен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Ендігі жерде барша қазақстандықтар бір кісідей бірігіп, дағдарысқа қарсы жұмыс істеуіміз қажет. Әр адам өз еңбегі мен үлесін қоса түссе, бұл ауыр күндерді де біз бірге еңсереміз!