Словения премьері коронавирустың таралуына УЕФА президентін айыптады

Словения премьері коронавирустың таралуына УЕФА президентін айыптады

Словения премьері коронавирустың таралуына УЕФА президентін айыптады
ашық дереккөзі
273
Еуропада коронавирустың кең таралуына УЕФА президенті Александр Цеферин кінәлі. Словения премьер-министрі Янеш Янша осындай мәлімдеме жасады. Lenta.ru-дың хабарлауынша, Янеш Янша футбол матчтары тым кеш тоқтатылуын сынға алған. "Бұл жауапсыздық деп санаймын.Тіпті, қылмыстық әрекет. Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өткен Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Аталанта" мен "Валенсия" арасындағы матчты биологиялық бомба деп болды деп ойлаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертулеріне қарамастан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатпады. Бұл олардың тек ақшаны ғана ойлайтындықтарын дәлелдейді", - деді Янеш Янша. Еске сала кетейік, өткен аптада УЕФА коронавирустың таралуына байланысты тоқтап қалған еурокубок матчтарын белгісіз мерзімге шегерген болатын.

Серіктес жаңалықтары