Полицейлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беріледі
 
								
                                                                                                Полицейлерге бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беріледі
                                                                                                                                Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты.
«Президенттің Жарлығына сәйкес коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға тартылған ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ІІМ медициналық мекемелерінің қызметкерлері бір айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақымен ынталандырылатын болады», – деді Ішкі істер министрі.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        