Президент Джек Маға алғыс айтты

Президент Джек Маға алғыс айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытай миллиардері Джек Маға алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасында: «Әлемге танымал бизнесмен, халқымыздың ниеттес досы Джек Ма мырзаға біздің елімізге жіберген гуманитарлық көмегі үшін шынайы алғысымды айтамын. Ол қазіргі күрделі кезеңде бір-бірімізді қолдаудың маңызы зор екенін көрсетті. Бәріміз бұл қиындықты бірге еңсереміз» – делінген.