Алматыдағы бір аурухананың екі бөлімі карантинге жабылды

Алматыдағы бір аурухананың екі бөлімі карантинге жабылды

Алматыдағы бір аурухананың екі бөлімі карантинге жабылды
ашық дереккөзі
20290
Алматыда дәрігерлері коронавирус жұқтырған аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды, – деп жазды ҚазАқпарат. Бүгін №12 орталық қалалық клиникалық аурухананың 12 қызметкері инфекция жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты қалалық орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды. «Науқастарды қабылдау бөлімі мен бір бөлім дезинфекция жасау үшін жабылды. Індет жұқтырғандармен жақын байланыста болған қызметкерлер бақылауға алынды. Инкубациялық кезең 14 күн болғандықтан осы уақытта, яғни қызметкерлер кезекшілікте болған күндері байланыста болған пациенттер де іздестіріліп жатыр», – деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары