472
Бүгін Балқаш пен Қарағандыда жайсыз метеожағдай қалыптасады
Бүгін Балқаш пен Қарағандыда жайсыз метеожағдай қалыптасады

«Қазгидромет» РМК еліміздегі екі қалада жайсыз метеожағдай қалыптасатынын хабарлады.
«2020 жылдың 11 сәуірінде Балқаш пен Қарағанды қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасып, ауа ластанады», – делінген хабарламада.
Республиканың өзге қалаларында ауа сапасы қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі ауа сапасы нашарлауы ықтимал.