358
COVID-19: Қытай дәрігерлері Нұр-Сұлтанға келді
COVID-19: Қытай дәрігерлері Нұр-Сұлтанға келді

Бүгін Қазақстан Әскери Әуе күштері әскери-көлік авиациясының С-295 екі ұшағы Жетіген-Үрімші-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша маңызды ұшу сапарын орындады. Әскери ұшқыштар Елордаға Қытайдан 10 дәрігер және 5,5 тонна жүкті, негізінен медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізді.
Медициналық мамандар тобы Қытайдан қазақстандық тараптың шақыруы бойынша келді. Оның құрамында COVID-19 инфекцияның алдын алу және оны емдеуде қажетті тәжірибесі бар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының білікті дәрігерлері бар.
Қытай делегациясының миссиясы коронавирусқа қарсы күресте қазақстандық медицина қызметкерлеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету. Шыңжаң мамандары аурудың алдын алу, бақылау, байланыстарды анықтау және оқшаулаудың қытайлық механизмімен таныстырады. Олар қазақстандық медициналық мамандардың қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына өз ұсынысын айтып, тәжірибелерімен бөліседі.