340
39 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
39 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мамедин Қаратаев Қырғызстанда 10 сәуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 коронавирус індетін жұқтырудың тағы 18 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді, – деп жазды Кабар.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасарының мәліметінше, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 298 адамға жеткен. Вирус жұқтырғандар арасында бес адам – медициналық қызметкер. Қазіргі кезде бұл елде COVID-19 диагнозы қойылған медициналық қызметкерлер саны 39 адамға жеткен.
Денсаулық сақтау министрі орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде стационарларда коронавирус диагнозымен 254 адам жатыр, соның ішінде сегіз адамның жағдайы ауыр, – деп жазды Кабар.