236
Алматыда коронавирустан бір адам көз жұмды
Алматыда коронавирустан бір адам көз жұмды

Алматы қаласында коронавирус індетінен 1956 жылы дүниеге келген бір науқас көз жұмды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Қазақстанда коронавирустан 60 адам емделіп шықты, көз жұмғандар саны 9 адамға жетті. 10 сәуір сағат 9:00-дегі жағдайға сәйкес, жалпы елімізде 802 науқас тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 45 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді.