244
Birgemiz қорына 18,8 миллиард теңге жиналды
Birgemiz қорына 18,8 миллиард теңге жиналды
2020 жылғы 9 сәуірдегі сағ.18.00 жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шотында 18 808 797 475 теңге жинақталды.
Қор есебіне 4 323 000 000 теңге көлеміндегі қаражат «Халық Қоры» қайырымдылық қорынан келіп түсті.
Қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады:
- 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.)
- 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.).
- 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді.