197
Сауд Арабиясында корольдік отбасының 150 мүшесі коронавирус жұқтырған
Сауд Арабиясында корольдік отбасының 150 мүшесі коронавирус жұқтырған
Өткен жылы қажылыққа барған 2,5 млн адамға қызмет көрсеткен Мекке мен Медине қалалары қазір бос тұр.
Сауд Арабиясы билігі алдағы апталарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының күрт артатынын болжап отыр.
Бүгінгі таңда, ресми деректерге сәйкес, мемлекетте 2795 адам коронавирус жұқтырған және 41 адам көз жұмған. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін Сауд Арабиясының барлық ірі қалаларында карантин енгізіліп, тұрғындардың үйден себепсіз шығуына тыйым салынған.
Сауд Арабиясының королі Салман да Қызыл теңіздегі аралдардың бірінде орналасқан сарайда оқшауланған.
The New York Times-тің хабарлауынша, коронавирус жұқтырған ханзадалардың бірі – Эр-Рияд губернаторы ауруханаға түскен. Монархтың жақындарына қызмет көрсететін Король Фейсал атындағы ауруханада 500 орын дайындалыпты.
Басылымның дерегінше, король отбасының 150 мүшесі індет жұқтырған.