42 500 теңге: Қайтыс болғандардың атынан да өтініш түскен

Сондай-ақ!

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған дерекке сүйенсек, республика бойынша қауіпті «қызыл аймақ» санатындағы өңір Шығыс Қазақстан облысы...

Тергеуші 27 мың доллар пара алған

Алматыда 27 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталған тергеушіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару...

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын...

42 500 теңге алуға түскен өтініштерді қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұған өтініштердің бірнеше қайтара жіберілуі себеп. Өтініштердің арасында марқұм болған адамдардың атынан жіберілгені де бар. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бастапқыда өтініштерді қарау мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Кейінірек, әлеуметтік төлемдерді тезірек аудару үшін бұл мерзім үш жұмыс күніне дейін қысқарды. Алайда, біраз азамат бір өтінішті бірнеше рет жіберіп жатқаны анықталды.

«Мәселен 8 сәуір түнгі 23.00-дегі жағдай бойынша 3,1 миллион өтініштің  1,3 миллионы қайталанатын болып шықты», – делінген хабарламада.

Министрлік барлық өтінім түрлі ақпараттық деректер қорында бірнеше параметр бойынша мұқият тексерілетінін атап өтті. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН, банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар және тағы басқалары бар.

«Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгеге жұмыс істейтін, талапқа сай келмейтін азаматтардың да иек артып, қате банк шоттарын немесе бөгде біреудің, жарамсыз банк шоттарын жолдайтыны анықталды. Сонымен қатар, марқұм болып кеткен немесе шетелде тұратын адамдардың атынан да өтініш берілгені белгілі болды», -деп мәлімдеді ведомстводан.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған жарна аудармаған азаматтар да өтінім жіберген. Осыған ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды.

«Азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұраймыз. Әр өтініш бойынша, ақпарат тексерілгеннен кейін, міндетті түрде қабылданған шешім туралы хабарланады», – деп сендірді министрліктен.

Бұған дейін де хабарлағандай, әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
қазақстандық боксшы

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF...
өрт

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған...
27 мың доллар

Тергеуші 27 мың доллар пара алған

Алматыда 27 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталған тергеушіге қатысты сот...
Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...