Геннадий Шиповских: Экономиканы әртараптандыратын кез келді

Геннадий Шиповских: Экономиканы әртараптандыратын кез келді

Геннадий Шиповских: Экономиканы  әртараптандыратын кез келді
ашық дереккөзі
472
– Елбасы мақа­ла­сының басты мақсаты – еліміздің бірлігін сақтауға үндеу, хал­қы­мызға өзінің рухани қолдауын көрсету. Елбасы өзі айтқандай, әрқашан қиын кезеңдерде шешім шығарар кезде халқымен ақылдасты. Қазір де халықпен бірге екенін және де қолынан келгенін жасайтынын мәлімдеді. Еліміз енді-енді аяққа тұрып, әлем­ге таны­мал бола бастаған кезде Ұлт­тық қор құрылғанын білеміз. Ұлттық қор мен ал­тын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ дол­ларын үнемді пай­далана алсақ, ол бүгін басымызға түс­кен тағдыр мен тарих сы­нынан ең­семізді тік ұстап өтуімізге мол мүм­кіндік береді. Біз бүгінгі таңда экономиканы әртарап­тандыру мақсатындағы бағытты ұстануы­мыз қажет. Агроөнеркәсіп кешенін, орта және шағын бизнесті дамыту, импортты азай­тып, экспортты көбейту, басқа да қар­жы көздерін тарту маңызды. Өйткені мұнай бағасы біресе көтеріледі, біресе түседі, тұрақтылық жоқ. Елбасы өз сөзінде аға буын, зиялы қауым өкілдеріне халықты ынтымаққа ша­қы­рып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге шақырды. Себебі зиялы қауымға қарап біздің жастар бой түзейді, көзқарасы қа­лып­тасады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша біз­дің көптеген жастарымыз шетелге барып өзінің білімін шыңдады. Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталғанын білеміз. Құрамындағы жастар – біздің болашақ ел басқарушылар, көшбасшылар. Еліміз тәуелсіздік алғанда өмірге келген сә­би бүгінде отызға таяды. Қазақ «отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» дейді. Сондықтан адал еңбегімен халыққа пайдасын тигізіп жүрген жастардың өзін жақсы жағынан көрсетуге, нақты азамат­тық, патриоттық позициясын білдіріп, белсенділігін арттыруға мүмкіндік туды және «Мен еліме не беремін?» деген оймен әрекет ететін кезі келді.

Серіктес жаңалықтары