Ұлт саулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – егіз ұғымдар

Ұлт саулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – егіз ұғымдар

Ұлт саулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – егіз ұғымдар
ашық дереккөзі
Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев­тың «Бірлесе білген ел бә­рін жеңе­ді» деген тақы­рып­тағы ма­қаласы кеше баспасөзде жарияланды. Дәл қазіргі таңда бүкіл әлем жұр­ты алаң көңілмен күн кешіп жатыр. Жаһанды жайлаған қатерлі індет біздің елді де айналып өтпесі белгілі еді. Бүгін, ертең болма­ға­ны­мен, бұл індеттің де емі табылары сөз­сіз. Ол күнге аман жету үшін біз­­ге төзімділік пен тәртіп, сақтық пен тиянақтылық ауадай қажет екенін уақыттың өзі ұғындырып жа­тыр. Мұндай қиын сәтте қа­ра­пайым халық үшін мемлекеттің қамқорлығы айрықша керек. Он­дай қамқорлық пен атқарылуға тиіс­ті шараларды мемлекет дер ша­ғында қолға алып, кешенді түр­де іске асырып та жатыр. Күрделі кез­де әрбіріміз не атқаруға тиісті еке­німізді ел басшылары айтудай-ақ айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бә­рін жеңеді» деген тақырыптағы ха­лыққа арналған үндеуі мұндай қиын сәтте әрбір қазақстандық үшін үлкен демеу болары сөзсіз. Қатерлі дерттің кесірінен уа­қыт­ша болса да тоқтап тұрған қан­­­шама жұмыс ел тұрғындарын алаң­датып отыр. Бірақ мұндай күр­делі кезеңде біздің ел азаматтары үшін мемлекет барынша көмек қо­лын созуда. Егер карантин та­лап­тарын дұрыс сақтап, індеттің тиы­луы­на қолғабыс жасасақ, мұндай дағ­дарысты да жеңіп шығуға біздің елдің экономикалық қуаты жетеді. Бұл жөнінде Елбасы өз мақаласында бы­лай дейді: «Қазіргі Қазақстанды Кеңес Одағы ыдыраған өткен ға­сыр­дың 90-жылдарындағы Қазақ­стан­мен салыстыруға болмайды. Бізде осындай қиындық туғанда еш­кімге алақан жаймау үшін, ұрпақ қа­мы, ел болашағы үшін жинақ­тал­ған Ұлттық қор мен алтын-валюта қо­рында 90 миллиард АҚШ дол­лары бар. Ретімен, үнемді пайда­ла­нар болсақ, ол бүгін басымызға түс­кен тағдыр мен тарих сынынан ең­семізді тік ұстап өтуімізге  мол мүм­кіндік береді». Расында Н.Назарбаев айтқандай ретімен, үнемді пайдалансақ, бұл қордағы қар­жы уақытша қиындықтан ең­се­мізді тік ұстап өтуге негіз болары рас. Осы бір ауыр кезде көмекке мұқ­таж жандарды қамқорлықсыз қал­дырмау бүкіл халқымыздың асыл борышы болмақ. Қарттар мен науқас азаматтарға еріктілер ба­рынша қолғабыс жасауда. Бұл істің ба­сында Nur Otan партиясы тұр­ға­ны сөзсіз. «Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымыз-ға – қажыр, денемізге – қуат, жүре­гіміз­ге сенім ұялатады. Біз қазір кө­м­екке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы ана­лар­ды, әл-ауқаты төмендерді, жұ­мыс­қа жарамсыз жандарды ерекше қам­қорлыққа алуымыз керек. Хал­қымыздың бойындағы ұрпақтан-ұр­паққа үзілмей жеткен ең ізгі қа­сиеттер бізді осыған үндейді», – дей­ді Елбасы өз сөзінде. Азғантай уақыт ішінде адамдар қауіп­тен сақтану үшін барынша сол бір кезеңнің талабына мойын­сұнуда. Мемлекет те дер шағында ха­лықты үлкен індеттен аман алып қалу үшін барлық мүмкіндікті пай­далануда. Оқудың барлық түрі он­лайн форматқа көшіп, өндіріс пен өнім шығарушы мекемелерді қос­пағанда көптеген жұмыс қа­шық­тан ат­қа­рылуда. Бұл жайында  Н.Назарбаев өз мақаласында былай дейді:  «Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ой­лауға, қалыптасқан жұмыс тә­сілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны да­мытуға, сергек өмір салтын қа­лыптастыруға алып келеді. Бүгінде еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістері, тіпті жаңа кәсіп түрлері шыға бастады. Қазір адамдар бір­тін­деп қағазбастылықтан арылып, қа­шықтан жұмыс істеу режиміне көш­ті. Осының бәрі бір кезде ал­дын ала жоспарланып, кеңінен ой­­ластырылған шаралардың арқа­сында ғана мүмкін болып отыр». Расымен де, карантин бізді жаңа технологияның көмегіне кө­бі­рек жүгінуге мәжбүрледі. Сын с­а­ғатта бәріне даяр болуға итер­ме­ле­ді. Сонымен қатар алда қай сала­ны қай бағытта дамыту жөнінде де нақты тәжірибе болды. Мұның бар­лығы уақытша қиындықтар деп білеміз.