414
Ғалымдар коронавирустан екі күнде айықтыратын дәрі тапты
Ғалымдар коронавирустан екі күнде айықтыратын дәрі тапты
Австралияның Монаш университеті мен Мельбурндағы корольдік аурухана ғалымдары коронавирусты екі күн басатын дәрілік затты тапты деп хабарлайды Lenta.ru.
Мамандар ивермектиннің коронавирус жұқтырған жасушаларға әсерін талдап, вирус жұқтырудан екі сағат өткен соң антипаразитті дәріні қосқан.
Препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық РНҚ мөлшерін 93 пайызға төмендеткені белгілі болды. Ал 48 сағат өткен соң РНҚ 99 пайызға азайған.
Зерттеушілер ғылыми тәжірибе кезінде ивермектин үлгілерге уытты әсер бермегенін алға тартып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ұлыбританиялық мамандар коронавирус жұқтырған науқастардың үйіндегі мысығын да карантинге жіберуге кеңес бергенін хабарлағанбыз. Ветеринарлардың айтуынша, індет адамнан жануарға берілуі мүмкін. Алайда вирустың үй жануарларынан адамға жұғатыны дәлелденбеген.