Ресейде бір тәулікте мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Ресейде бір тәулікте мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Ресейде бір тәулікте мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
318
Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 1175 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы елдегі коронавирус жағдайын бақылау мен мониторингтеу бойынша жедел штаб дерегіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Бүгінде Ресейдің 81 өңірінде 8672 адам індет жұқтырған. Елде коронавирустан 63 адам көз жұмды. Ал 580 адам дертінен айықты. Індет жұқтырудың жаңа жағдайларының көпшілігі Мәскеуде тіркелген. Жедел штаб дерегінше, кеше Ресей астанасында  66 адамнан коронавирус анықталған. Мәскеу облысында – 95, Санкт-Петербургта – 34 дерек тіркеліпті. Вирус әзірге Чукотка, Алтай Республикасы, Ненецк автономды аймағы және Туваға жетпеген. Ресейліктердің 60 пайызы ел билігінің коронавирусқа қарсы күрес шаралары мен енгізілген шектеулерді қолдайды. Владимир Путин бастапқыда 28 наурыздан 5 сәуірге дейін ел тұрғындарына демалыс жариялаған болатын. Кейіннен демалыс мерзімі сәуірдің соңына дейін ұзартылды. Кеше Ресей Президенті елдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде мамандармен кеңес өткізді. Жиында ел тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау режимін ұзарту мәселесі көтерілді. «Микроб» институтының директоры Владимир Кутырёвтың пікірінше, енгізілген шектеу шараларының тиімділігін анықтау үшін және оны ұзарту немесе қысқарту туралы шешім қабылдау үшін кем дегенде бір апта күту қажет.    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны  1 432 409 адамға жеткен. Індет құрбандарының саны 82 мыңнан асып жығылды. Ал 302 303 адам дертінен айықты. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келер болсақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 709 адамға жетті. Кесірлі кеселден 7 отандасымыз көз жұмды. Емделіп шыққандар саны – 54.

Серіктес жаңалықтары